Бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты ақтау үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады  Астана қаласының сотына сілтеме жасап.
2024 жылғы 29 қазанда Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Д.Байбазаровқа қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.
 Бұған дейін Д.Байбазаров Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі үкімімен ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген (өзі үшін пайда мен артықшылық алу мақсатында жасалған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) айыбы мен бірінші сатыдағы сотта,   оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталған болатын.
 Прокурор апелляциялық өтінішінде, ал жәбірленушінің өкілі апелляциялық шағымында ақтау үкімінің күшін жоюды және айыптау үкімін шығаруды сұрады. Бірақ сот, ҚР ҚПК-нің 19-бабының 4-бөлігіне сәйкес, айыптау үкiмi болжамдарға негiзделе алмайды және ол жол берілетін және анық  дәлелдемелердiң жеткiлiктi жиынтығымен расталуға тиiс деп шешті.
 Сот, тергеуі барысында айыптау өзінің дәлелін таппағандықтан және сотта зерттелген дәлелдемелермен жоққа шығарылғандықтан, Д.Байбазаровты айыптаған әрекеттері мен жәбірленуші үшін орын алған зардаптардың арасында себеп-салдарлық байланыс жоқ болғандықтан ақтау үкімі өзгеріссіз, прокурордың апелляциялық өтініші және жәбірленушінің өкілінің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды.
 Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *