Атыраулық Сандугаш Кукенова есімді азаматшаның атынан ашылған фейсбук парашасында, Атырау облысының маслихат депутаты Сырымбек Сарсебаев арасында дау туындаған. Онда Желі қолданушысы Сандугаш Кукенова, «Ерлан Кошанов мына  Аманат Атырау облысы мүшесі Сырымбек Сарсенбаевқа шарасын алыңыздар!

Ауызнан шыққан сөһдерге жауап берсін» (желі парақшасынан өзгеріссіз көшірілді)- деген жазба мен бейне материал жарияланды.

С. Кукенованың  жазбасына  кеуде тұсы қызарған азаматтың суретін жариялады. Суретпен;

Депутаты Сырымбек Сарсебаев моншаға түскен бе?
Атырау облысының депутаты Сырымбек Сарсенбаевқа не көрінген?
РS. Тырнақтың осыншама ізі қалу үшін,мен бұл кісіні шешіндіру керек емеспін бе?
Цирк
Ұят қайда?
Намыс қайда?- деген жазба қалдырған.
Ал бұл мәселені фейсбукта жариялап шешіп аламын деп ойлады ма әлде өзіне осындай жазу қолайлы болғанба, әйтеуір депутат мырза фейсбук парақша арқылы, «Тәуелсіздігіміздің тірегі — көк туымызды қорлауға жол бермейміз»- деп жаза жариялаған.
Құрметті ҚР азаматтары мен азаматшалары
Сіздерден, соның ішінде әсіресе сайлаушыларым Жылыой ауданы тұрғындарынан үлкен қолдау күтеміз.
Бүгін, яғни 7 қараша күні Атырау облыстық Аманат партиясы кеңсесінде өздерін белсенді санайтын тұлға ( атын — жөнін құқық қорғау органдары анықтайды ) ҚР мемлекеттік рәмізі болып саналатын — Қазақстан Республикасының туы белгіленген Атырау облыстық мәслихаты депутаты деп жазылған, Көк байрағымыз таңбаланған төс белгіні жұлып алып, жерге лақтырды. ҚР-ң мемлекеттік рәміздері туралы заңды өрескел бұзып, Тәуелсіздігіміздің нышаны көк байрағымызды жерге тапап, құқық бұзушылық іс — әрекет жасады.
ҚР президенті Қасым — Жомарт Кемелұлы Астана қаласында, 3 қазан күні өткен форумда, кейбір блогерлер әкімдердің, атқарушы органдардың, депутаттардың жұмысына кедергі келтіреді деген мәлімдемесінің 100 пайыз ақиқат екеніне көзім жетті.
Кездесемін деді кездестім, жалғыз өзім бірнеше адамдардың сұрағына заң аясында нақты жауап бердім.
Шектен шығып, сөз түсінбегесін, бос айқай болып кеткесін, дәл осындай қарапайым халықпен кездесуім жоспарланғандықтан, сол шараға бет алдым. Дәл сол кезде, кабинеттен шығуға кедергі келтіріп, қозғалу бостандығымды шектеді. Қол жұмсап, кеудемізден итеріп, киімімдегі ҚР мемлекеттік рәмізі болып саналатын — Қазақстан Республикасының туы белгіленген Атырау облыстық мәслихаты депутаты деп жазылған, Көк байрағымыз таңбаланған, айрықша төс белгіні жұлып алып, жерге тастады. Бұл бейне түсірілімде анық көрсетілген.

Жауапты құқық қорғау басшыларынан заң аясында шара қолдануды талап етемін.
Келесі посттарда толықтырып жазамын- деп жазған Сырымбек Сасембаев
«AMANAT» партиясынан ресми жауап күтілуде.
Атырау облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *