Сотта 3 рет кінәлі болып танылған Шамшиева қызметтен кетті. Бұл туралы «Астанрлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің 2024 жылғы 28 қазандағы сұранысына байланысты төмендегідей жауап беремін: «Шымкент қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 5 наурыз және 14 маусым күндері шығарылған қаулыларына сәйкес, маған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 665-бабының 2-бөлігі және 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салынғаны рас. Алайда, аталған құқық бұзушылықтарға қатысты менің тарапымнан барлық қажетті шаралар қолданылып, айыппұл сомалары толық көлемде төленгенін атап өтемін. Менің тарапымнан апелляциялық шағым келтірілмеуінің себебі — аталған әкімшілік істер заңды және негіз бойынша қабылданған. Алдағы уақытта, әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша, қандай да бір заң бұзушылыққа жол бермеу үшін бақылау күшейтілетін болады. Тәртіп бұзушылықтарға қатысты шаралар қабылданды. Сонымен қатар, ҚР мемлекеттік қызметкерінің әдебі мен қызметтік міндеттемелерін бұзбау мақсатында барлық заңнамалық талаптарды қатаң сақтайтындығымды мәлімдеймін.»- деп мәлімдеген болатын Нургуль Шамшиева
PS: Естеріңізде болса, «Шымкенттің бас ұстазы сотта кінәлі болып танылған.» атты мақала жарық көрген болатын.
ҚР мемлекеттік қызметкерінің әдебі мен қызметтік міндеттемелерін бұзбау мақсатында барлық заңнамалық талаптарды қатаң сақтай алмайтынына көзі жетті ме әлде жоғарыдан ондай бас ұстаздың бізге керегі жоқ деген хаты жетті ме, әйтеуір Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы болған Н. Шамшиева қызметінен кетті.
Шымкент қаласы