Бірнеше қылмыс жасаған 18 жастағы жасөспірім ұсталды. «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Қаланың Медеу ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.
«Бірінші жағдайда ол компьютерлік клубқа келушіні алдап, оның ұялы телефонын тартып алған. Тағы бір жағдайда қалалық мешіттердің бірі қылмыстық іс-әрекет алаңына айналды. Еркін кіру мүмкіндігін пайдаланған қаскөй бөтен біреудің ұялы телефонын ұрлап, ізін суытқан. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды», — деді, Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Елдос Бақбергенов.

Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *