Ерлі-зайыпты жұп қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері отбасылық жұпты ұстады. Ерлі-зайыпты жұп жастарға «оңай ақша» табуды ұсынған.
Бүгінгі таңда ерлі-зайыптылар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды жарнамалады деген күдікке ілінді.
«Жеке тінту кезінде ұсталғандардан аэрозоль бояуы, ұялы телефон, медициналық пипеткалар, есірткі сайттарының мекенжайлары жазылған трафареттер және басқа да «сурет салу» құралдары тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі де нашақор екені және мефедрон қолданатындығы белгілі болды. Біраз уақыттан бері ерлі-зайыптылар ақшалай сыйақы алу үшін ғимараттардың қасбеттеріне есірткі жарнамаларын сала бастаған, сол үшін ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Меңдебаев.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *