Аса ауыр қылмыс жасаған күдікті ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жамбыл облысы полиция департаментініңтмәліметінше, Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен Алматы қаласының аумағында жедел-іздестіру шаралары барысында, бұған дейін кісі өлтіруге оқталғаны үшін (ҚК 24-бап 3-бөлігі, 99-бап 2-бөлігі) іздеуде болған «М.М.» есімді азаматты ұстады.
2024 жылғы 27 тамызда Тараз қаласында болмашы жанжал кезінде ер адам суық қарумен (пышақпен) қоғамдық көлік жүргізушісіне шабуыл жасап, оған ауыр дене жарақатын келтірген.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *