Алматыда үш «қалта ұрысы» ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Қаланың Алатау және Жетісу аудандарында оңай жолмен ақша табуды ұнататындар ұсталды. Алматы криминалдық полициясының мәліметінше, қаскөйлер адам көп жиналатын жерлерде ұрлық жасаған. Мәселен, жедел уәкілдер 141-ші бағыттағы қоғамдық көліктен 27 жастағы жігітті ұстады.
Ол жолаушының ұялы телефонын ұрлап кеткен. Оның екі «әріптесі» Жетісу ауданында ұсталды. Сонымен қатар, олар қарақшылық шабуыл жасағаны үшін қамалған.
Аталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалды.
Күдіктілер қамауға алынды.
Ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *