Мен басшылық ететін «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі, 2015 жылдан бері адал полиция қызметкерлері мен қоян- қолтық жұмыс жасап келеді. Олардың атқарған жұмыстары мен еткен ерен еңбектерін жазудан шаршаған емеспіз.
Кейбір полиция қызметкерлерінің жасаған сыбайлас жемқорлық әрекеттері мен олардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеп, жазалауға ықпал еттік. Себебі заң баршаға ортақ екенін білуіміз, сол заңға бағынуымыз керек.
Заң бұзған, қылмыс жасаған полицейге болыспаймыз. Ол өз жазасын алуы шарт!
Өз қызметім барысында ішікі істер органдары және мемлекеттік органдармен 10 жылға жуық жұмыс жасап келеді екенмін, түрлі жағдайлармен оқиғалардың күәсі болғанмын.
Полиция қызметкерлерінің жұмыстарын қиын екенін түсініп, олардың қандай жағдайда қызмет жасайтынын ескеріп, «полиция мәртебесі» туралы заң қабылданса деген ниетпен, полицияларға қатысты кодекске өгерістер еңгізу туралы, ҚР Парламентіне ұсыныс жолдап, өз ұсынысым тұжырымдаға енуіне қол жеткіздім.
Жақсыны да, жаманды да көріп келе жатырмын.
Республикамыз бойлап бір қаншама судьялармен полиция қызметкерлерінің жұмысын көрдім. Олардың ішінде мынау суреттегі Жантөре есімді жігіттей анықтаушы көрмеген екенмін Ержан Саденов
Бұл жігіттің есімі Жантөре Абдуллла. Шымкент қаласы полиция департаменті анықтау басқармасының анықтаушысы (дознаватель)
Осындай баланы дүниеге алып келіп тәрбиелеген, оқытқан ата-анасына, мемлекетке қызмет етуге мүмкіндік берген басшыларына алғысымды айтамын.
Бұл жігіттің кіші пейілдігі мен алдына келген барлық адамдарды құрметтей отырып, жан-жаққа «бұрылмай» заң шеңберінен аттамай қызмет жасап жатқанын көзіммен көріп тәнті болдым. Бос сөзге иланбайды, артынан жаман сөз ермейді, естігені рахмет болған бұндай жігіттің еңбегі бағасыз қалмау керек деп түсіндім.
Дәл осындай жігіттер көп болсын, басшылық буынға келіп қызмет атқарып, халықпен мемлекеттің алғысына бөленсін деп тілеймін.
Қазақ байдың ұлы болғанша,
Халық байдың ұлыбол демекші, Жантөре Халық байдың баласы деп қабылдадым.
Осындай ұл өсірген әкесіне рахмет!
Құрметпен Сардар Әбдіжақия