Бір адамның кесірі 9 баланы жетім қалдырды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Қазіргі таңда жол- көлік оқиғалары көбейген десем қате болмас. Көлік  көп, алайда көлік тізгіндеген адамдардың жол ережелеріне бейжай қарайтыны жанға батады. Біреулер көлікті өз қажеттілігіне пайдаланса, біреулер жылдамдықты асырып, контент түсіріп, мақтануға мінетін жағдайлар баршылық.

Жол патрульдік полицейлері,  «жол қателіктері ешкімді кешірмейді!» , «Жол ережелерін бұзбаңыздар!»-деген ескертулері мен жол жүру ережелерін бұзғандарға айыппұлды көбейтіп, көшелерге мыңдаған бейне бақылау камераларын қойса да, кейбіреулер өзінің жолдағы жауапкершіліктерін сезінбей жататын жағдайлар жетклікті.

Жол көлік оқиғалары салдарынан бір қаншама адамдар дүние салып жатқан жағдайлар жиілеп кетті.

Ағымдағы жылдың  9- қараша күні сағат 15:45 те  орын алған,  Шымкент қаласындағы Төлеметов көшесіндегі адам шошырлық жол көлік оқиғасы екі ананы жесір, 9 баланы жетім қалдырды.  Қатты жылдамдықта  Kia Rio автокөлігін  тізгіндеген «Ж» есімді азамат, қарсы бетте өз бетімен әрекеттеніп келе жатқан Daewoo Nexia авто көлігіне соқтығысып,  салдарынан «А», «А» есімді  екі отбасының отағалары оқиға орнында жан тапсырды.

Күдікті болып танылып,  сот санкциясы мен екі ай мерзімге қамауға алынған Kia Rio автокөлігін  тізгіндеген «Ж» есімді азамат, қазіргі уақытта тергеліп,  соттың үкімін күтіп  отыр. Бірақ оның тергеліп, қамалғаны, соттың маңдайына басатын қылмыскер деген таңбасы, 9 балаға әкелерін тірілтіп бермейтіні ақиқат!

Әрине күдікті «Ж»- ны сот кінәлі деп танымай тұрып, айыптаудан аулақпын. Ауыр бататыны, екі бүктеліп, тізесін құшақтап қалған аналар мен әкем енді келмейді ме?- деп боздаған балапандар…

Бұл елімізде орын алып жатқан көптеген оқиғалардың Шымкент қаласындағы 1 ғана көрінісі еді ағайын…

Сардар Әбдіжақия.

(жалғасы бар)

 

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *