Облыс орталығында тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы өз жұмысын күшейтілген түрде атқарып жатыр. Бұл туралы Павлодар қалалық полиция бөлімі мәлімдеді- деп жазады, «Астарлы ақиқат» ақпарат агентігі.

Петропавл қ. ПБ қабылдап-тарату орнының полиция қызметкерлері күннің салқындауына байланысты түнгі уақытта мекендеуге арналған бөлімшеге қаңғыбастарды жеткізу жұмысын күшейтті. Апта сайын «жылы мекенге» жеткізушілердің саны 10-20 адамды құрайды. Түнгі уақытта мекендеуге арналған бөлімше Жұмыс кентіндегі «2629 километр» мекенжайында орналасқан.

Жыл басынан бері қалалық қабылдап-тарату орнына 2319 тұлға жеткізілді. Барлық жеткізілген тұлғалар тізімдік есепке қойылды.
Қаңғыбастар криминалистикалық, жедел-анықтамалық есепке қойылады, олардың деректері іздеуде жүрген қылмыскерлермен және із-түзсіз жоғалғандармен салыстырылады. Полиция қызметкерлері жинақтау тобын шақыру үшін 8(7152) 52-92-99 телефоны арқылы кезекші бөлімге немесе «102» жедел арнасына хабарласуға болатынын еске салады, сонымен қатар азаматтар «102» мобильді қолданбасын (App Store және Google Playарқылы жүктеп алуға болатын ҚР ІІМ ресми қолданбасы) пайдалана алады.
Павлодар қаласы