Полицияға пара беремін деп сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Байқоңыр қалалық сотында, ҚР ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін сотталушы К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы К. полиция қызметкері С.-ның шет мемлекеттің лауазымды адамы екенін біле тұра, әкімшілік жауаптылықтан құтылу мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмауды сұрап, оған 400 рубль (Қазақстан Ұлттық Банкі бойынша 2178 теңгені) пара ретінде ұсынған.
Сотталушы қылмыстық әрекеті арқылы шет мемлекеттің лауазымды адамына пара беруге оқталған.
Сот үкімімен сотталушы К. ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі қосымша жаза тағайындала отырып, мүлкі тәркіленбей, 21 780 теңге айыппұл салу жазасы тағайындалды.
Қызылорда облысы