Учаскелік полицейлер қыз баланы құтқарып қалды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазығұрт ауданында полиция қызметкерлерінің жылдам әрекеті мен кәсібилігінің арқасында өз-өзіне қол жұмсаған қыз құтқарылды. 18:45 шамасында «Газалкент» каналына белгісіз адамның секіргені туралы хабар алған. Учаскелік полиция инспекторлары Сабит Алимбаев, Жалғасбек Ағабеков және Әбдіәкім Әбдірахым оқиға орнына небары 3 минутта жетті.
Қызға көмектесу үшін суға түскен тұрғынды шығарып алғаннан кейін полицейлер қызды да қауіпсіз аймаққа алып шықты.
Алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдемді күтпей, қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізді.
Дәрігерлердің айтуынша, дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында оның жағдайы тұрақты
Қазіргі таңда жас қыздың денсаулығы бірқалыпты.
Бұл оқиға полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен шұғыл әрекетінің маңызды екенін кезекті рет дәлелдеді.
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *