Автокөлікті есірткіге мас күйінде жүргізген жүргізуші қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Екібастұз қаласында полиция қызметкерлері LADA-217030 автокөлігін тоқтатты. Жүргізушінің күмәнді әрекеті полиция қызметкерлеріне күдік туғызды.
— Медициналық куәландыру жүргізушінің есірткіге мас күйінде екенін көрсетті. Автокөлікті есірткіге мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды. Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, 8 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, — деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Полицейлер мас күйінде көлік құралдарын жүргізуге байланысты бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше назар аударады. Қабылданған шараларға қарамастан, жүргізушілер көлік құралдарын мас күйінде жүргізуді жалғастыруда, осылайша олардың өміріне, сондай-ақ басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіреді.
Мәлімет үшін, ағымдағы жылдың басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1,5 мыңнан астам жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Павлодар облысы