Лифтте пышақпен қорқытқан ер адам қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Аталған жағдай ұсталған жігіт пен оның құрбысы арасындағы жанжалдан кейін болған. Ол масаң күйде болып, кездейсоқ кездескен адамға өз-өзіне қол жұмсау ниеті туралы айтып, асхана пышағын көрсеткен.
Ер адам дереу ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Заң және тәртіп» қағидаты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған ішкі істер органдарының қызметінің негізі болып қала береді. Тәртіп бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.
Астана қалласы