Полиция иті есірткі сатушы әйелді ұстауға көмектесті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алматыда полиция қызметкерлері арнайы іс-шараның нәтижесінде кәмелетке толмаған екі баласының көзінше есірткі сатып жүрген Алмалы ауданының 33 жастағы тұрғынын ұстады.

«Оның үйін тінту кезінде «Альфа» атты іздеуші ит ашық-қоңыр және қою жасыл түсті заттар салынған полиэтилен байламдарын тапты. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар – героин және гашиш есірткілері болып табылады. Есірткі сақтау дерегі тіркелді. Әйел қамауға алынды. Қазіргі уақытта есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері күдіктінің шынайы ниетін және қаламызға шөпті жеткізген арнаны анықтауда. Жедел іс-шаралар жалғасуда», — деді, Алматы қалалық ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Алматы қаласы