Мопед «ұрылары» ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Қаланың Медеу ауданының полицейлері үш күдіктіні Алматы облысында ұстады.
Осыдан сәл уақыт бұрын олар басқа біреудің мопедін ұрлап кеткен.
«Қылмыс түнгі сағат үште Құлжа тас жолының бойында орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің аумағында орын алды. Үйдің ауласында тұрған мопедті көрген күдіктілер оны ұрлауға бел буған. Одан әрі, белгілі болғандай, қаскөйлер оны сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсамақ болған. Олар ұсталып, қамауға алынды. Ұсталғандардың басқа да ықтимал эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», — деді, Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов.
Алматы қаласы