Әзербайжан ұшағы Ақтауда құлады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 25 желтоқсан күні шамамен сағат 11:00-де, Ақтау қаласының аумағына Бакудан Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ құлаған. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай оқиға орнына барып, облыс әкімінің төрағалығымен жедел штаб құрылды. Апат орнында ТЖД, ДВД, жергілікті әкімдік құтқару жұмыстары қажетті жағдайдың барлығын жасып жатқаны белгілі болды.

ҚР Маңғыстау облысы ТЖД қызметкерлерінің мәліметінше, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда. Алдын ала аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілген, жағдайлары ауыр һәлде.
Апат болған жерге барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Жолаушылардың тізімі нақтылануда.
Маңғыстау облысы



