Полицейді пышақтамаған тағы кім бар Ержан Саденов?
Шымкент қаласында 2024- жылы қыркүйек айында, күндізгі уақытта полицейді көше бойында пышақтап кетті. Кейіннен Алматыда тағы бір полицейді пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Бұл масқарагершілік біз бұқараның естіп-білгеніміз ғана әрине.
Жанға бататыны, имиджімізге нұқсан келмесін дейме әйтеуір полиция департаментінің әлеуметтік парақшаларында ондай ақпараттар жарияланбайды. Ал жәбір көрген полицияның денсаулығы мен өмірі туралы неге қоғамға ашық айтылмайды деген сұрақ маған маза бере емес.
Полицияға қанша сын айтсақта, сынап жазсақта, оларда адам баласы ғой. Мейлі, аман болсын барлығы. Алайда кешегі Алматы қаласындағы полицейді көрші елдің азаматы пышақтап өлтірді дегені жүрекке соққы болды.
Қызмет бабында жан тапсырып жатқан полицейлерді айтпасада болады. Алла өзі панасына алсын!
Біз полицейге арқа сүйесек, полицейді көшеде пышақтап кетіп жатыр. Ол аздай енді көрші елдің азаматы полицейімізді пышақтап өлтіргені тым артық!
Ержан Саденов, сіздің алдыңызда министр болған Ахметжанов Марат Муратұлының кезінде мен, ҚР Парламентіне, заңға өзгертулер еңгізіп, «полиция мәртебесі» туралы заң қабылданса деген ұсыныс жолдаған болатынмын. Ұсынсыты сілтемеден оқи аласыздар: https://astarlyakikat.kz/?p=11898
Ұсынсым тұжырымдамаға еңгізілді, рахмет. Бірақ мен оның нәтижесін көріп отырғаным жоқ. Не болғанында білмеймін. Ал ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Aigul Kuspan полицияға қатысты заңға өзгерістер еңгізіп жатқанын естідімде кейіннен не болғанынан хабарсыз қалдым.
Еңбегі адал өзі жаман полицейге қатысты заңның керегі жоқ дедіңіздерме әйтеуір қалды сол бойы.
Өзіңдікі сыйламаса, өзге қайдан сыйласын…?
Полицейді абыройын қорғамасақта, өмірін қорғап қалайықшы дегім келді.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысы Сардар Әбдіжақия