Қызылордада патрульдік полиция қызметкерлері ер адамды суицидтен құтқарды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
https://www.youtube.com/watch?v=Kb-_5C3Yw68
102 кезекші пультіне Қызылорда қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде ер адам өз-өзіне қол жұмсамақшы деген шақырту түсті.
Патрульдік полиция қызметкерлері Айдархан Кенжебекұлы және Шыңғыс Жалғасбай үй ауласында ер адамның ағаш баспалдаққа асылып жатқандығын көреді.
Полицейлер ер адамды құтқаруға үйлесімді әрекет жасап, оның өмірің өлімнен арашалады. Ер азамат жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылып, полицейлердің еріп отыруымен ауруханаға жеткізілді.
Қызылорда облысы