Мал ұрлады деп күдікке ілінген жігіт қамауға алынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
           Кеген өңірінде полицейлер мал ұрлығы бойынша күдіктіні ұстады. 35 жастағы жергілікті тұрғын жайылымнан 9 бас жылқы ұрлады деп айыпталуда.
Алғашқы жағдайда аудандық полицияға жергілікті тұрғын бес бас жылқысының жоғалғаны туралы арызданған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған малдың үшінші тұлғаларға сатылғаны анықталды. Сатып алушылар сатушыны көрсетіп, ол өз кінәсін мойындады. Келтірілген шығын 1,9 миллион теңгені құрады.

Сонымен қатар кейінірек полицияға ауданның тағы екі тұрғыны жүгініп, олардың жылқыларының жоғалғанын хабарлады. Бұл ұрлықтың жалпы шығыны шамамен 2,2 миллион теңгені құрады. Полицейлер бұл малдардың да сатылғанын анықтады.
Аталған деректер бойынша полицияда қылмыстық істер тіркелді. Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.
Алматы облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *