Блогерлер, бопсалап 10 миллион алып жатқан жерінде ұсталды.   Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алматы полиция департаментінің қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады. Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсету арқылы 8 миллион теңге бопсалаған деп мәлімдеді,  Алматы қаласының полиция департаменті.  Сондай-ақ олар, жәбірленушіні, кәсіпкер сот шешімімен төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған екен.
Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процессуальдық Кодексінің 128-бабына сәйкес, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қоғалып, сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *