Алматының тұрғын алабынан «тосын сыйы» бар пәтер табылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Тағы бір шағын АТС бұл жолы «Ақсай» шағын ауданындағы үйлердің бірінде орналасқан.
Прокуратураның үйлестіруімен жедел қызметкерлер, арнайы жалға алынған үйде интернет алаяқтарына көмектескен 20 жастағы жігітті анықтады.
«Күдіктінің функционалдық міндеттеріне СИМ-қорап жабдығын орнату және үздіксіз жұмыс істеуін бақылау кіретіні, олардың көмегімен өздерін отандық ұялы телефон абоненттері ретінде таныстырған алаяқтар әлеуетті жәбірленушілерге қоңырау шалғандығы белгілі болды. Қылмыстық техника тәркіленді. Ұсталған азамат заңсыз әрекетін мойындады. Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру кодын, абоненттік сәйкестендіру құрылғысын заңсыз өзгерту, сондай-ақ абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адам қамауға алынды», — деді, Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес Басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Алматы полициясы интернет-алаяқтардың әрекетін тағы да еске салып, азаматтарды қырағы және сақ болуға шақырады.
Келесі ережелерді сақтау маңызды:
— жеке деректеріңізді немесе пластикалық карта деректерін ешкіммен бөліспеңіз
— аударым түбіртектерін ешкімге бермеңіз
— кодтар мен кодтық сөздерді ешкімге, тіпті банк қызметкерімін немесе құқық қорғау органының қызметкерімін дейтін адамдарға да айтпаңыз.
Алматы қаласы