Қызылордалық полицейлер қызмет бабында қайтыс болған әріптесінің отбасына барды. Бұл туралы «Астарлыақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Қызылорда облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 24- қаңтар күні  Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік бастаған полиция қызметкерлері және ардагерлер тобы қызмет бабында қайтыс болған полиция лейтенанты Қозыбаев Талғат Есентайұлының шаңырағына барды.

Сын сағатта ерлік көрсетіп, өмірін қиып, ел азаматын қорғап қалған, елінің каhарманы, II-ші дәрежелі «Айбын» орденінің иегері полиция лейтенанты Қозыбаев Талғаттың шаңырағына ат басын тіреді. Сақшылар Талғатты тәрбиелеген әкесі Есентай ағайға шексіз алғысын білдіріп, арнайы дайындаған сый сияпатты ұсынды.
​ «Біз әрдайым қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына ерекше көңіл бөлеміз. Адамзаттың өмірін аман сақтаймын деп, антына берік, еліне адал қызмет үстінде адам өмірі үшін жанын қиған әріптестеріміздің ерлігі мен батырлығы біздің есімізде мәңгі сақталады. Ерлігі ешқашан ұмытылмайтын ерлерді ұлықтау біздің азаматтық парызымыз. Сізге антына адал, нағыз патриот азамат тәрбиелегеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз»,- деді департамент бастығы Ергешов Серік.
Айта кетерлік жайт, қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан Талғат Қозыбаевтың есімі Сырдария ауданының Мәлібаев ауылындағы көшелердің біріне берілді. Сондай-ақ, өзі оқыған № 131 орта мектебіне есімі беріліп, мектеп ауласында ескерткіші орнатылып, Талғат Қозыбаевтың атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбы ашылған болатын.
Қызылордла облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *