Алматы полициясы 140 мопедті тіркеді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Сонымен қатар, әкімшілік полицияның мәліметінше, экстерриториалдық қағидат бойынша қала сыртында жүретін 39 мопед тіркелген.
«2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтерді механикалық көліктерге теңестіретін заңнамалық түзетулер күшіне енетінін тағы бір рет еске саламыз. Көрсетілген күннен бастап мопедтерді полицияда тіркеуден өткеннен кейін, А1, А және В санатындағы жүргізуші куәлігі бар, техникалық байқаудан және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудан өткеннен кейін ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Осыған орай, Алматы қаласындағы Мамандандырылған қызмет көрсету Орталықтарында мопедтерді тіркеу жұмыстары жүргізілуде. 29.01.2025 жылғы жағдай бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезінде 140 мопед тіркелді», — деді, Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция Басқармасы Процессинг орталығының басшысы Айдын Меркімбаев.

Бұрын хабарланғандай, өткен жылы «Жол қозғалысы туралы» заңға өзгертулер енгізілген болатын.
Негізгі мақсат – мопедтерді пайдалануды реттеу.
Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары болып табылады және оларға барлық заң талаптары қолданылады.
Алматы қаласы