Елордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
1 желтоқсанынан бастап «Астана қаласының ПД ПП Полкі қызметкерлері мен мемлекеттік емес күзет субьектілерінің бірлесіп қызмет атқаруының пилоттық жобасын енгізу туралы» бұйрық күшіне енген болатын.
Жаңа жобаға сәйкес күнделікті қала аумағында полиция қызметкерлері мен жеке күзет ұйымдарының өкілдерінен құралған мобильді-патрульдік топтар бірігіп жұмыс жасайды.
Осы жоба аясында, түнгі уақытта 102 арнасына белгісіз тұлғаның пластикалық терезені сындыру арқылы үйге кіруге тырысқаны туралы қоңырау келіп түсті.
Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер мен жеке күзет ұйымының қызметкерлері 26 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, күдікті кіреберіске кіріп, үйдің шатырына көтерілген, кейін пластикалық терезені күштеп ашып, екінші қабаттағы пәтерге кіргені анықталды.
Тексеру барысында азаматтың бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Астана қаласы