Қызылорда облысында «Мигрант» іс-шарасы бір күнінде 31 құқық бұзушылық анықталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Қызылорда облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Заңсыз көші-қонды болдырмау және алдын алу, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 3 мен 7 аралығында облыс аумағында «Мигрант» іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның 1 күнінде жалпы 31 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, шетел азаматтарымен жасалған 22 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Шетелдіктердің болу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етпеген ҚР-ның 9 азаматына қатысты әкімшілік шаралар көрілді.
Құрметті облыс тұрғындары! Шет мемлекеттерден жұмыс жасауға келген шетел азаматтарын заңда көрсетілген мерзімде құжаттарын Халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН) арқылы заңдастырып, Көші-қон заңнамасын бұзбай, жұмыс жасатқандарыңыз абзал.
Егерде заң талаптарын орындамай өрескел бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес шара көрілетіндігін ескертеміз.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *