«Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында қызылордалық полицейлер «Ашық есік күнін» өткізді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде Ашық есік күні өтті. Іс-шара полиция қызметінің ашықтығын, жариялылығын қамтамасыз ете отырып, бұқара халықпен жақындастыруға, ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, Отанға қызмет етемін дейтін жастардың қатарын көбейтуге бағытталған.
​ Аталмыш шараға студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Олар үшін полиция қызметкерлері департамент мұражайына және Жедел басқару орталығына танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Департамент тарихы, мәдениет, спорт саласындағы жетістіктері, қызметтік міндеттерін өтеу барысында қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін студенттер мен оқушылар топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан Жедел басқару орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген жасөспірімдер таңданыстарын білдірді.
Бұдан бөлек, полиция қызметкерлерінің қолданыстағы қару-жарақтары, техникалық құралдары, қызметтік кабинеттері таныстырылды.
Іс-шараға қатысқан 100 – ден астам оқушылар мен студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жауаптар алды.
«Мемлекет басшысы қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі саналатын «Заң және тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті. Осы ретте, біз Мемлекет басшысымен алға қойған міндеттердің сапалы орындалуына, елімізде заң үстемділігі мен әділдікті сақтауда нақты нәтижелерге қол жеткізуге барлық шаралар қабылдауымыз қажет.
Бұл мақсатта бүгін біз кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Ашық есік күні» шарасын ұйымдастырдық.
Мектеп оқушылары полиция қызметінің бір күндік тыныс-тіршілігімен етене танысып, қызықтады. Жиналған жастар Жедел басқару орталығына барып, Полиция департаментінң музейін аралады. Сондай – ақ, Кинологиялық орталық қызметкерлерінің әдіс – тәсілдерін тамашалады. Бұл шара студенттер мен оқушыларға тәртіп сақшыларының күнделікті қиын да қызықты жұмысын жақынырақ тануға мүмкіндік берді.
Мұндай іс – шаралар жастардың болашағы үшін өте маңызды. Олар құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері туралы тұшымды мағлұматтар алды» дейді Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы.
Қызылорда облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *