Бүгін, 15 ақпан — Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай Ақтөбе облысы ПД және Облыстық жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен ашық есік күні өтті. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және профориентациялық жұмыс жүргізу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны Ақтөбе облысы ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі — Мурат Жакупбеков алғы сөзбен бастап, ардагерлерді Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Абай Жусуповтың алғыс хатымен марапаттады.
Ашық есік күні әрі қарай ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қойылымымен және көрме көрсетілімімен жалғасты.
Аталған шараға 200 тарта қаладағы жалпы білім беретін мектептердің 11 класс оқушылары, ардагерлер, ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ, ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы және Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қатысты.
Ақтөбе облысы