Жамбыл облысында 15 жастағы жасөспірім көлік айдап полициядан қашқан. Бұл туралы “Астарлы ақиқат” ақпарат агенттігі жариялады.

Т. Рысқұлов ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлі көлікті құжаттарын тексеру үшін тоқтатпақ болған. Алайда «Honda Odyssey» маркалы автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетпек болады. Оны қуып жетіп, тоқтатуға тура келеді. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің кәмелеттік жасқа толмағаны және көлік жүргізу құқығы болмағаны белгілі болды. 15 жастағы бала әкесінің көлігін үйінің алдынан рұқсатсыз айдап кеткен. Жасөспірімнің заңды өкілі — әкесіне қатысты кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 2 әкімшілік хаттама толтырылды.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Еске сала кетсек, Жамбыл облысының аумағында 18 ақпаннан бастап «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *