Полиция бопсалау қылмысына қатысы бар күдіктілерді ұстады ​»Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бопсалау және қаруды заңсыз сақтаумен айналысқан адамдар тобын анықтап, қызметін тоқтатты. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді. ​Нақтырақ айтсақ, полицейлер Түлкібас ауданының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті-діни ағым ұстанушылары мен «маргиналды» жастардан құралған 7 күдіктіні ұстады. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар, ал екеуі ағайынды болып шықты.

​Жедел уәкілдер ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 12 калибрлі 1 карабин, түрлі калибрлі 20-дан астам патрон, 7 дана діни әдебиет, пышақ, рация, казино чиптері және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі. ​Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктілердің бірінің жұмыс орны, яғни цехтың ауласына жасырылған 2 тегіс ұңғылы карабин мен 7 оқ-дәрі тәркіледі.

​Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасуда.

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *