Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысының атынан қоғамдық қызметі мен еліміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыстады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Марапатталғандар:
«Құрмет» ордені – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызы;
«Ерен еңбегі үшін» медалі – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Тасбергенова Гаухар Қошқарбекқызы;
«Шапағат» медалі – кәсіпкер, продюсер, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жүгінісова Айнұр Серікқызы.
Астана қаласы