«БЛОГЕР» 2 500 000 бопсалаған көрінеді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жуалы ауданында екі мектепке барып бор мен А4 қағазын түгендеп жүрген, сабақ уақытысында сыныптарға кіріп, тексеру жүргізген, өзін «Абай Сократ» деп көрсетіп жүрген Абай Жундибаев есімді блогер, бүгінгі таңда «Тараз Арена» спорт комплексінің директорынан 2 500 000 бопсалап жатқан кезде, Жамбыл облысы полиция тарапынан  қолға түскен.
Айта кету керек бұл блогердің облыста білім ошақтарымен ауруханаларды аралап өзін,  адамдардың мін-мұқтажын билікке жеткізуші етіп  көрсетіп көптеген түсірілімдер жасағанын фейсбук парақшасынан көруге болады.
Сабақ уақтысында мектеп оқушыларын сабағын бұзып, Жуалыдағы А. Пушкин атындағы мектеп директоры болған С. Жұмаханованың шақыртуымен мектепке барып, бүкіл мектепті тіміскілеп шыққан. Кейіннен білсек бұл блогер Қ.Сағындықов мектебінде «тегістеген» көрінеді.
Қауесеттерге сенсек, бұл бопсалау арқылы мектеп мұғалімдері мен директорларына біз билік жүргізу керекпіз деп, екі мектеп директорымен ауыз жаласты деседі. Себебі мектепке тексеру үшін осы блогерді мектеп директоры арнайы шақырып, мұғалімдердің сабағын бұзып оқушыларды видеоға түсіріп, заңсыз әрекеттер жасаған.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі терсеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жамбыл облысы
сурет ашық дереккөзінен жүктелді

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *