Қала әкімі көңіл айтты. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

 

Естеріңізде болса, 8-мамыр күні, —мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков, саусақпен санаулы қалған Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне құрмет көрсетіп, оларды Ұлы Жеңіс мерекесімен арнайы барып құттықтап, сыйлықтар табыстаған болатын. Сол ардагерлеріміздің бірі болған,  1924 жылдың 9 наурызында  дүниеге келген Нина Егоровна Мосунова аманатын тапсырды.

Нина Егоровна Мосунова 1942 жылы, жап-жас шағында, өз еркімен майданға аттанған. Қазан мен Горький қалаларында дайындықтан өткеннен кейін алдымен телеграфист, кейіннен зениттік бригадада радистер бөлімшесінің командирі болған. Можайск түбіндегі ауыр шайқастардан өткен. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған. Соғыстан кейін кассир, кітапханашы және хатшы-машинист болып еңбек еткен. Бүгінде Нина Егоровнаның екі немересі мен бес шөбересі бар.

Нина Егоровнаның өмір жолы – табандылықтың, отаншылдықтың және адами асыл қасиеттердің жарқын үлгісі. Ол 1942 жылы, небәрі 18 жасында өз еркімен майданға аттанды. Арнайы дайындықтан өткен соң алдымен радиобайланысшы, кейін бөлімше командирі болып қызмет етіп, аса жауапты әрі қауіп-қатерге толы міндеттерді абыроймен атқарды. Әскери антқа адалдығын өмірінің соңына дейін сақтап, құпия мәліметтерді жария етпей, уәдесіне берік болды.

Жеңісті Еуропа шекарасында қарсы алып, 1945 жылдың шілдесінде елге оралды. Соғыстан кейін де қарапайым, абыройлы ғұмыр кешіп, танымалдық пен марапатты көздеген жоқ. Адамдарға әрдайым ашық болып, тіпті ауыр дертке шалдыққанда да айналасындағы жандарға алғысын білдіріп, сабырлы да байсалды болмысынан айнымады.

Қала әкімдігі атынан және жеке өз атымнан Ұлы Отан соғысының ардагері, ерлікке толы тағдыры мен кең жүрегі бар абзал жан — Нина Егоровна Мосунованың отбасы мен жақындарына шын ниетпен қайғыра көңіл айтамын.

Нина Егоровнаның жарқын бейнесі қаламыздың тарихында және ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасына, туған-туыстарына тағы да қайғырып көңіл айтамын- деп жазба қалдырды Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *