Кәсіпкерден 7 миллион теңге бопсалаған күдікті ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
Ақтөбеде Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бұрын сотталған жергілікті тұрғынды ұстады. Ол кәсіпкерден ірі көлемдегі қаражатты қорқытып талап етті деген күдікке ілінді.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті. Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 194-бабы («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Ақтөбе облысы
![]()
