Қазақстанға заңсыз миграция ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ауқымды және үйлестірілген операция нәтижесінде Алматы облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасы қызметкерлері, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің көмегімен, Қазақстанға заңсыз миграция ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.
Анықталғандай, арнаның ұйымдастырушылары шетел азаматтары болған. Күдіктілер шетел азаматтарының елге заңсыз кіруін, транзитін және заңдастырылуын қамтамасыз етіп отырған. Өз қызметтері үшін олар әр мигранттан 150 мыңнан 700 мың теңгеге дейін ақша алған.
Арнайы іс-шаралар барысында күдіктілерден ондаған шетелдік паспорттар, медициналық сақтандыру полистері, қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ есірткі заттары мен діни әдебиеттер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша заңсыз миграцияны ұйымдастыру, алаяқтық және есірткі заттарын заңсыз сақтау баптары бойынша алты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, барлық қатысы бар адамдар мен қосымша құқыққа қайшы әрекеттер анықталуда.
Алматы облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *