Жасанды құжат жасаған қызметкер жұмыстан босатылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Түркістан облысының Қазынашылық департаментінде, бюджеттерді атқару бөлімінің басшысы Зағила Рахимбаеваға қатысты, біз «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің ақпаратты тексеру нәтижесіндегі уәждер негізінде, құзырлы органдарға арыз жазылған болатын. Аталған уәжде, Түркістан облысының қазынашылық департаментінің қызметкері, өзінің жұмыс орнына жасанды еңбекке жарамсыз парағын ұсынды деген күдікпен, Түркістан қалалық полиция департаментінде, ҚР ҚК-нің 385- бабы 3- бөлігі мен қылмыстық іс тергеліп, Түркістан қалалық сотында, аталған еңбекке жарамсыз парағы жалған екені анықталып, өз дәлелін тапты. Түркістан облысы қазынашылық департаментінің бюджеттерді атқару бөлімінің басшысы Зағила Рахимбаеваны сот  үкімімен кінәлі депа тауып, оған сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 314 560 (үш жүз он төрт мың бес жүз алпыс) теңге айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 23- мауысымдағы №195- VII «Қазақстан Республикасының Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңының 2- бабы 1- бөлігі 1) тармағына сәйкес, Зағила Тасбулатовна Рахимбаева тағайындалған сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл түріндегі жазадан босатылды.

Түркістан облыстық сотында апелляциялық алқа, аталған сот үкімін өз күшінде қалдырды.

Түркістан облысы қазынашылық департаментінің қызметкері Зағила Тасбулатовна Рахимбаева, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының 61- бабы 1- тармағының 12) тармақшасына сәйкес шешім қабылданды.

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *