Сотталған екі жігіт қайтадан сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады
«Судьяға сеніміміз жоғалды»- деген сотталғанның туыстары жанайқайын біздің «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне жолдады. Олардың айтуынша, өздерінің бауырын Абай облысында «билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» үшін үш жылға бас бостандықтарынан айырылған. Жазасын жартылай өтеп, жәбірленушінің пайдасына өндіру қажет болған 2 000 000 (екі миллион) қаражатында төлегендерін және мерзімінен шартты түрде босатылған болсада, «Н» және «А» есімді азаматтарды қайтадан 10 жылға қамап жібергендерін айтып шағымданды.
Бұл шағым бойынша «Астарлы ақиқат»ақпарат агенттігі, ақпараттың шын не жалған екеніне көз жеткізу мақсатында журналистік зерттеу жұмыстарын жүргізіп төмендегі мән-жайларды анықтады;
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, іске төрағалық етуші судья А.Бесеева 2024 жылы 5 сәуір күні Қазақстан Республикасының атынан үкім оқып, Н және А есімді азаматтарды ҚР ҚК-нің 380 бабының 4- бөлігі 3- тармақшасында (билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері бойынша адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе қылмыстық топ жасағау) көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық әрекеттерін жасады деп танып, 3 (үш) жылға бас бостандықтарынан айырған.
Наразы тарптарды апелляциялық шағымына сәйкес, 2024 жылдың 11- мауысым күні, Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: төрағалық етуші — алқа төрағасы Н.Е. Есенжолов, судьялар Е.Б. Берекбулов, Н.С. Абдуалиевалардың қатысуында, 2024 жылғы 5 сәуірдегі Н және А есімді азаматтарға қатысты шығарылған үкімі, жекеше қаулылары өзгеріссіз қалдырылған. Және сол күні үкім заңды күшіне енген.
Алайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағалық етуші – алқа төрағасы Н.М.Рахметуллина, судьялар Р.Қ.Жакудина, Н.Ө.Жолдасбеков және прокурор Д.С.Аубакировтардың қатысуымен қабылданған қаулыда, үкіммен қаулылардың күші жойылады.
«2025 жылы 3 мауысым күні, сотталғандар «Н» және «А» ға қатысты Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 5 сəуірдегі үкімі мен жекеше қаулыларының жəне Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 11 маусымдағы қаулысының күштері жойылсын.
Қылмыстық іс апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан сот қарауына жолдансын»- деп, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулы қабылдайды.
Түсінгеніміз, сотталған азаматтардың бұрын сотталып, жазаларын жартылай өтеп, мерзімінен шартты түрде босатылғандар тфәй күйсіннің кейпін киді.
Біз БАҚ өкілдері және шағымданушылармен ақпаратты зерттеушілер, судьяның іс әрекетіне, оның қабылдаған сот актілеріне баға беруден аулақпыз. Бірақ біз Бұқаралық Ақпарат Құралдарының және басқа да адамдардың, қоғамның «неге?»-деген сұрақтарына жауап алу, білуге білуге құқықтарымызды ешкім шектемеген назарларыңызға жеткізгіміз, аталған ақпараттағы бізге түсініксіз болған жәйттерге жауап алғымыз келетіні ақиқат.
Себебі Қазақстан Республикасының ата заңында (Конституциясында), Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары көзделген.
Бұл ақпараттық зерттеуімдегі түсініксіз әрі қызық тұстары өте көп.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қаулысынан кейін, Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.И.Балгожина, 2025 жылы 17 мауысым күні өз өндірісіне қабылдап, бұрын сотталған «Н» және «А» есімді азаматтардың қайта сараланған яңни ҚР ҚК-нің 380-бабының 6-бөлігінің 4) тармағы бойынша сот талқылауын бастайды. Айта кету керек жоғарыда жазылғандай екі сотталған азамат «Н» және «А» ҚР ҚК-нің 380— бабының 4 бөлігі 3— тармақшасымен айыпталып сотталған болатын.
Сот талқылау барысында аталған қылмыстық істің қарау мерзімі , бір емес үш рет ұзарту туралы қаулы шығарады.
- Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.И.Балгожина 2025 жылдың 14 шілде күні қарау мерзімі 1 айға, яғни 2025 жылғы 14 тамызға дейін ұзартылсын- деп қаулы шығарып оған 22 шілде күні қол қояды.
- Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Е. Есенжолов 2025 жылдың 14- тамыз күні қарау мерзімі 1 айға, яғни 2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін ұзартылсын- деп қаулы шығарып оған 6 қазан күні қол қояды.
- Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Е. Есенжолов 2025 жылдың 12 қыркүйек күні қарау мерзімі 1 айға, яғни 2025 жылдың 13 қазанға дейін ұзартылсын- деп қаулы шығарады алайда оғанда 6 қазан күні қол қояды.
Біз бұқара халықтың білгіміз келгені, сот алқасының төрағасы Н.Е. Есенжолов 2025 жылдың 14- тамыз күні қарау мерзімі 1 айға, яғни 2025 жылдың 12 қыркүйегіне дейін ұзартылсын- деп қаулы шығарып оған 6 қазан күні қол қояды?
Сонда 14 тамыз күнгі қарау мерзімінің 1 айға ұзарту туралы қаулыға қол қойылмай, 6 қазанда яғни екі ай өтіп кеткеннен соң қол қойғаны заңдыма деген сұрақ та мазалап жауап іздейді?
Дегенмен сот айттыма орындалуы керек деген қағидаға мойынсынған халықпызғой.
Аталған екі сотталып үкімдері қайта бұзылған екі азаматқа қатысты, Абай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы құрамында: төрағалық етуші — облыстық соттың төрағасы Қ.М.Чақпантаев, алқа судьялары Р.З.Байжуманова, К.А. Тобельбасовалар, Қазақстан Республикасының атынан, азамат «Н» және «А» екеуіне, ҚР ҚК-нің 380-бабының 6-бөлігінің 4) тармағы бойынша кінәлі деп тауып, 2025 жылдың 7 қазан күні апелляциялық ҮКІМ оқып оған 9 қазан күні қол қойып сот кабинетіне жүктейді.
«Үкімде аталған екі азамат «Н» және «А», ҚР ҚК-нің 380-бабының 6-бөлігінің 4) тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінəлі деп танылып, оғ ан осы бап бойынша 10 (он) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2025 жылғы 23 маусымдағы Заңының 3-бабы 4 тармағы 2) тармақшасы негізінде тағайындалған жаза алтыдан бір бөлігіне қысқартылсын, түпкілікті жаза 8 (сегіз) жыл 4 (төрт) ай тағайындалсын»-деп іске нүкте қояды.
Осылайша екі азамат 3 жылға сотталып, жартылай жазасын өтеп, мерзімінен шарты түрде босатылған уақытта, түпкілікті 8 жылды арқалап кетті.
Бұл бойынша әрине туыстары мен жақындары адвокаттармен кассациялық сотқа ол болмаса БҰҰ мен Еуропарламентке дейін шағым жасайтынын көздеп отыр.
Сардар Әбдіжақия
Жалғасы бар
![]()
