Полиция қызметкерлері есірткі сатушыны ұстады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады

Алматы қалалық полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасы жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен ер адам ұсталды.
Жеке тінту барысында ұсталған адамнан ұнтақ түріндегі зат табылды және тәркіленді. Күдіктінің ұялы телефонын тексеру кезінде тыйым салынған заттарды жасырған орындардың фотосуреттері анықталды. Полицейлер бірнеше «бетбелгі»қойылған орынды тапты, олардың ішіндегісі сараптамаға жіберілді.
Күдікті қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі таңда біз жастардың жылдам пайда табу мақсатында «өлімді сататын» интернет-дүкендердің арбауына түсіп жатқан жағдайларын жиі анықтап отырмыз. Біздің қызметкерлер мұндай бетбелгі қоюшыларды күн сайын анықтап, олардың әрекетінің жолын кесуде. Есірткі таратудың кез келген түрі – тіпті делдал ретінде қатысу да – ауыр қылмыс болып табылады. Ол үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», – деді, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *