Полицейлер қатаң жазаланатын болды. Бұл туралы  “Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі“ жариялады.
Әлеуметтік желілерде полицей қызметкері мен әйел арасындағы жанжалға қатысты бейнежазба жарияланды.
Полицейлер қадағалау органдары және сот орындаушыларымен бірге соттың тұрғын үйден шығару туралы шешімін орындау барысында оқиға орнында болған.

Әйел мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындамай, соның салдарынан жанжал туындады.
Сонымен қатар, полиция қызметкерінің дөрекілікке жол берген іс-әрекеті мүлдем жол берілмейтін жағдай. Бұл факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады.
Тексеру барысы менің жеке бақылауымда.
Полиция заң аясында және азаматтарға құрметпен әрекет етуге міндетті. Кез келген құқық бұзушылыққа қатаң тосқауыл қойылады.
Алматы облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *