Пәтерді жалға беремін деп тұрғындарды алдаған интернет-алаяқ ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алатау ауданының полицейлері интернет-алаяқтықпен айналысқан жас жігітті ұстады. Ол интернетте жалған пәтер жалға беру туралы хабарландырулар орналастырып, алдын ала төлем алып, кейін телефонын сөндіріп, жасырынып жүрген.
Қазіргі таңда оның бірнеше эпизодқа қатысы бар екені дәлелденді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Мұндай қылмыстармен күрес Мемлекет Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмалары аясында жүргізілуде. Қазіргі таңда интернет – азаматтар үшін қолайлы құрал ғана емес, алаяқтар үшін де алаңға айналды. Қала тұрғындарын кез келген онлайн-келісім кезінде барынша мұқият болуға шақырамын. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар, хабарландырулардың шынайылығын тексеріңіздер және әрқашан сақтық танытыңыздар. Тек осылай ғана өзімізді және жақындарымызды қорғай аламыз», – деді, Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы Еділхан Байгараев.
Алматы қалалық полиция Департаменті ескертеді: егер Сіз интернет-алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу «102» нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *