24 келіден астам қарасора тәркіленді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алматы қаласында «Қарасора» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының қызметкерлері ірі көлемдегі есірткі затын тәркіледі.
Экологиялық бекетте полиция қызметкерлері Алматы қаласының 59 жастағы тұрғыны басқарған «Тойота» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Наурызбай ауданындағы оның тұрғылықты мекенжайында рұқсат етілген тінту жүргізу барысында полиция қызметкерлері үй ауласындағы учаскеден 13 түп қарасора тауып, тәркіледі.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 24 келі 680 грамды құрады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
«Полиция қызметкерлері есірткі таратудың жолын жүйелі түрде кесіп келеді. Жедел уәкілдер, арнайы жасақ пен кинологтардың бірлескен әрекеттерінің нәтижесінде заңсыз айналымға түсуі мүмкін болған ірі көлемдегі қарасора тәркіленді. Есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасатын болады», – деді, Алматы қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес Басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Алматы қаласы
![]()
