Араны ашылған блогер ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жароиялады, Шымкент қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 миллион теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында лауазымды тұлғадан ақша бопсалады деген күдікпен блогер-журналисті ұстады.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті әкімдік қызметкерінен 10 миллион теңге көлемінде ақша талап еткен. Ол бұл сомаға әлеуметтік желілерде мемлекеттік органдардың қызметін қаралайтын материалдарды таратпауға уәде берген.
Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу аясында күдіктінің тұрғылықты жері мен кеңсесінде тінту жүргізіліп, нәтижесінде электрондық құрылғылар мен өзге де заттай айғақтар тәркіленді.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Шымкент қаласы
![]()
