Шымкентте заңсыз айналымнан 316 келі есірткі тәркіленді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Шымкент қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Маусым айының басынан қазан айының соңына дейін полициямен есірткі қылмыстарымен күреске бағытталған республикалық «Қарасора-2025» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Бес айға созылған ауқымды шара барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 254 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Олардың қатарында есірткі заттарын сату, заңсыз өсіру, аса ірі көлемде сақтау, жарнамалау және есірткіге қатысты өзге де қылмыстық теріс қылықтар бар.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде заңсыз айналымнан 316 келі есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 20 келіден астам синтетикалық есірткі (шамамен 40 мың бір реттік доза) бар.
Есірткі өсімдіктерін егіп-өсіру деректерін анықтау мақсатында арнайы жедел топтар құрылып, рейдтік іс-шаралар өткізілді. Егіс алқаптарын әуеден бақылау үшін пилотсыз ұшу аппараты (дрон) қолданылды. Нәтижесінде қала шетіндегі егістік алқаптан 127 келі салмақты құрайтын 52 түп сора және марихуана тәркіленді. Күдікті есірткі өсімдіктерін көкөністер арасына жасырып еккен.

Сонымен қатар, синтетикалық есірткіні байланыссыз жолмен таратумен айналысқан 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тексеру кезінде одан жалпы салмағы 500 грамнан асатын 180 есірткі орамасы және жеке полиэтилен пакетке салынған есірткі ұнтағы тәркіленді.
Барлық анықталған деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қалалық полиция департаменті өңірде «Заң мен Тәртіп» идеологиясын нығайту, есірткі құралдарының заңсыз айналымының жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *