«Кәсіби құқықтық сана және құқықтық мәдениет» курсы басталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Бүгін Алматы қаласында орналасқан, Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясында, қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдерінің басшылары үшін «Кәсіби құқықтық сана және құқықтық мәдениет» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өз жұмысын бастады.
Курстың алғашқы күнін Идеологиялық және имидждік жұмыс мамандарын даярлау орталығының бастығы Айнұр Тен ашып, қазіргі қызметте тұрақты ұстаным, сабырлық пен дұрыс коммуникацияның маңызын ерекше атап өтті.
Келесі сессияда Киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы қатысушыларға «Жасанды интеллект негіздері» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Қатысушылар тапсырмаларды тікелей смартфон арқылы орындап, AI технологияларын қызметтік процестерде қауіпсіз әрі тиімді пайдалану жолдарын үйренді.
![]()
