Ер адам энергетикалық сусын ішкеннен кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Түркістан облысының Сарыағаш қаласында полиция қызметкерлері күнделікті қызметтік міндеттерін атқару барысында жол жиегінде ес-түссіз жатқан ер адамды байқап, дереу көмекке ұмтылды. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылғанымен, медициналық көмек дер кезінде жете қоймағандықтан, учаскелік полиция инспекторлары Бақытжан Уалиев пен Ералы Байдуллаев азаматты өздерінің қызметтік автокөлігімен ауруханаға шұғыл түрде жеткізді. Дәрігерлердің тексеруі нәтижесінде ер адамның энергетикалық сусын ішкеннен кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалғаны анықталды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында азаматқа дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, өмірі аман қалды. Тәртіп сақшыларының бұл іс-әрекеті – полиция қызметінің адам өміріне деген жауапкершілік пен азаматтық борышқа адалдықтың айқын көрінісі. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті бір адамның өмірін сақтап қалды.
Түркістан облысы
![]()
