Түркістанда 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Күдіктілер ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сәлтеме жасап.
3 қараша күні Түркістан қаласындағы мектептердің бірінде 9 сынып оқушысы қайтыс болды. Оқушының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиға орнына барған жедел-тергеу тобы барлық қажетті іс-шаралар кешенін жүргізді. Алдын ала мәлімет бойынша тоғызыншы сынып оқушысы сыныптасының кеуде тұсынан ұрған. Соққы алған оқушы сол жерде қайтыс болған.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні, сондай-ақ оқиға кезінде қатысқандардың барлығын ізін суытпай ұстады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауында.
Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Әкімдік жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізілді.
Сонымен қатар ювеналды полиция қызметкерлері болашақта осындай жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *