Созақта полиция қызметкері ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Әлеуметтік желілерде созақ ауданында полиция қызметкерінің тұтқындалуы бейнеленген жазба жарияланды.  Ол пара алды деген күдікке ілінген көрінеді.

Аталған жәйт туралы:
Түркістан облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасы ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы әрекеттер жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстады.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факт бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Осы ретте Полиция департаментінде тәртіптік комиссияның отырысы өткізіліп, оның шешімімен қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан шығарылды. Сондай-ақ басқа жауапты лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тексеру жүргізілуде.
Өңірдің Полиция департаменті өз қатарларын мұндай арам пиғылды қызметкерлерден тұрақты негізде тазарту, қызметтік тәртіпті нығайту және жеке құрам арасында заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды үздіксіз және жүйелі түрде іске асыратынын мәлімдейді.
Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы іс-қимыл жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстап, жауапқа тартуда- деп жазды Түркістан облысының полиция  департаменті
Түркістан облысы полиция деартаментінің басшысы Мұрат Қабденов, Түркістан облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, құқыққа қайшы іс-қимыл жасады деген күдікпен аудандық полиция бөлімінің қызметкерін ұстап, жауапқа тартуда. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалғанын жеткізді. Осы факт бойынша барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатынын және полиция департаменті басшылығы тәртіптік комиссия отырысын өткізіп, оның шешімімен қызметкерді ішкі істер органдарынан босатқанын әлеуметтік парақшасында жазып қалдырды.
Біз ашықпыз, ашықтық принципін ұстанамыз. Бастысы осы жағдайдан басқалары да сабақ алып, жұмысты одан әрі жауапкершілікпен атқаруы керек- деді Мұрат Талапұлы
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *