Қырғызыстан президенті әкімдерге үндеу жасады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Садыр Жапаровтың парақшасындағы жазбаға сілтеме жасап.

Құрметті жетекшілер, әсіресе Бишкек пен Ош қалаларының әкімдері!

Электр энергиясын үнемдеу және қоғамдық тыныштық туралы заңның орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тапсырма бергенбіз, бірақ сіздер бұл тапсырманы «бөрік ал десек — бас алғандай» шектен тыс орындап жіберіпсіздер.

Біздің тапсырмамыз — халықтың тыныштығын бұзып, спирттік ішімдік ішкен соң айқай-шу шығаратын түнгі клубтарды, сондай-ақ түннің бір уағына дейін созылып, 200-ден 800-ге дейін адам жиналатын тойханаларды реттеп, заң аясында бақылау болатын.

Ал сіздер болса тамақтанатын қарапайым кафелерді, KFC секілді тез тамақтану орындарын да жауып,  тыныш отырған жұртты қуып шығуға дейін барыпсыздар. Рейд кезінде кәсіпкерлерге дөрекі сөйлеп, жарығын өшіруге, суын тоқтатуға дейін тапсырма бергенсіңдер!

Мұндайды жасамаңдар, мұндай шектен тыс әрекеттерді тоқтатыңдар!

Электр энергиясын үнемдеуді — ең алдымен «Қойшы, бәрібір мемлекет төлейді ғой» деп немқұрайлы қарайтын басшылардан, жарығын түн бойы жағып қоятын мемлекеттік мекемелерден бастаңдар.

Ал тыныш жұмыс істеп отырған шағын нысандарға барып,  олардың мазасын алмай жүріңдер!

Қырғызыстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *