Ресей Президенті Владимир Путин Қырғызстанға мемлекеттік сапармен келді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бүгін, 25 қарашада, мемлекеттік сапармен Қырғыз Республикасына келді.
Жоғары мәртебелі қонақты «Манас» халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.
Флагштоктарға екі елдің туларын іліп, кілем төселіп, құрмет қарауылы сапқа тұрғызылды.
Әуежай перронында ұлттық киіз үйлер тігілген, этно жауынгерлер қыран құстар мен тайғандар арқылы көшпелі халық мәдениетінің элементтерін көрсетті.
Одан кейін мемлекет басшыларына екі халықтың музыкалық шығармаларын орындаған қырғыз әртістерінің қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылды.
Мемлекеттік сапар барысында Қырғызстан мен Ресей лидерлері ертең, 26 қарашада, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және стратегиялық әріптестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылайды. Сондай-ақ бірнеше екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.
Қырғызыстан Республикасы Бишкек
![]()
