Өз әкесін аяусыз соққыға жыққан шардаралық туралы, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі толық мәлімет жариялады.
29- желтоқсан күні өз әкесін ұраған адам туралы заңгер Сардар Әбдіжақия өзінің фейсбук парақшасында «БҰЛ ҚАЛАЙ?»- деп жариялап, аталған істің не болғанын білу мақсатында ақпарат жариялады. Аталған ақпаратта:
Шардара ауданында өз әкесін аяусыз сабаған ер азаматтың бейнежазбасын бүкіл Қазақстан көрді қателеспесем.Сілтемеден толығырақ: https://www.facebook.com/watch/?v=1870460893504667
Алайда бұл іс қандай шешім тапқанын сотпен тергеушіден басқа ешкім білмейтін көрінеді. Себебі соттың қандай жаза қолданғанын білу мүмкін емес. Не жасырып жатырсыздар Түркістан соттары?Қоғамда қызу талқыланып қоғамның ашуына тиген, әлеуметтік желілердегі бұл суық көріністің арты не мен аяқталғанын білуге қоғамның ақысы бар шығар?Қателеспесем бұл іс басты-басты мен басылып кеткенге ұқсайды.»Өз балаңды ұруға болмайды, әйеліңді ұруға болмайды, әкелеріңді аямай ұрып- соғуға рұқсат дегені ме сонда?»- деген бағытта жарияланған
Түркістан облыстың сотының баспасөз қызметі тарапынан ресми мәлімет беріліп, аталған қылмыстық іс Шардара ауданында судьялардың жетіспеушілігіне байланысты Жетісай аудандың сотына жолданғаны туралы хабарланды.
Айта кету керек аталған қылмыстық іс ашық форматта жүргізілетіні де атап көрсетілді.
Қазақстан Республикасының ҚК-нің 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағымен, 107-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен айыпталған С.-ға қатысты қылмыстық іс, қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабы 1-бөлігінің 2) тармағына сәйкес Түркістан облысының Жетісай аудандық сотына негізінен қарау үшін 22 желтоқсан 2025 жылы жолданды- делінген ресми хабарламада.
Түркістан облысы
![]()
